Мемлекет басшысы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады

08.02.2021

Мемлекет басшысы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі сот корпусының жалпы ахуалы, Жоғары Сот Кеңесінің былтырғы жұмыс қорытындысы мен биылғы жоспарына қанықты. Сонымен қатар судьяларды іріктеу сапасын арттыру үшін қолданылатын заманауи HR және цифрлық технологияны енгізу жайы сөз болды. Президент Кеңес төрағасына жаңа технологияларды енгізу, елдегі жаңа құрылған әкімшілік соттарға сапалы мамандар іріктеу бойынша бірқатар тапсырма берді.

Президент сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады. Дағдарысқа қарамастан, бизнесті қолдау көлемі 4,2 триллион теңгеге дейін өскен. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықтың борыштық жүктемесін азайту шаралары қабылданды. Азаматтарға зейнетақы активтерінің бір бөлігін жеке компаниялардың басқаруына беру, ал банктерге брокерлік қызметтердің толық спектрі бойынша қызмет көрсету мүмкіндігі берілді. Бұл өз кезегінде халықтың инвестициялық мүмкіндігін арттырады.

Ғабит Бөкенбай


Хабарламаларға жазылу