Шығыс Қазақстан облысында 5 ауданды су басуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында 5 ауданды су басуы мүмкін

08.02.2021

Күн күрт жылынса, Шығыс Қазақстан облысында 5 ауданды су басуы мүмкін. Бұл Катон-Қарағай, Алтай, Көкпекті, Шемонайха және Риддер секілді таулы өңірлер. Бір ғана Алтай ауданында Бұқтырма өзенін жағалай қоныстанған 10-нан аса ауыл бар. 2 жыл бұрын осы ауылдардың көбін су басқан. Себебі Бұқтырманың бір сағасы кейбір елді мекендерді көктей өтеді. Ал оның арнасы кеңейтіліп, табаны тазартылмағалы талай жыл болды. Сондықтан биыл ауданда тасқынға тосқауыл қою жұмыстары ерте басталды. 5-6 ауылда арық-атыз тазаланып, мұз ойылып жатыр. Қар еріген кезде су жайылуы мүмкін кей өзендердің жағасын биіктету жұмыстары да жүргізілуде. Бүгінге дейін ауданда 8 мың тоннаға жуық инертті материал дайындалған. Ал көктемге қарай Бұқтырма өзеніндегі мұзды жару жұмыстары қолға алынады.

Николай Игнашин, Алтай ауданы әкімінің кеңесшісі:
Техникалық материалдық жағдайды да нығайтып жатырмыз. Аудандағы ауыр техникасы бар шаруашылықтар және кәсіпорныдармен келсімшартқа отырдық. Ал бүгінге дейін ауданда тасқынға тосқын жұмыстарды күшету үшін облыс бюджетінен 96 миллион теңге бөлінді.

Берік Көшербай


Хабарламаларға жазылу