Қазақстандықтар былтыр шетелге 787,7 млрд теңге аударған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар былтыр шетелге 787,7 млрд теңге аударған

08.02.2021
Қазақстандықтар былтыр шетелге 787,7 млрд теңге аударған

Қазақстандықтар былтыр ақша аударымдары жүйесі арқылы шетелге 787,7 млрд теңге аударған, деп хабарлайды ranking.kz.

Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 20,2%-ға көп.

Қазақстаннан шетелге аударылған ақшаның басым бөлігі Ресей Федерациясына (27,1%), Қырғызстанға (21%), Түркияға (17,4%) жіберілген. 


Ал шетелден Қазақстанға келген ақша аударымдары 286,8 млрд теңгені құрады. 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,8%-ға аз.

Жалпы, шетелден елге келген ақша аударымдарының 85 пайызы Ресей Федерациясынан (74 млрд теңге), Оңтүстік Кореядан (51,6 млрд теңге), Өзбекстаннан (38,3 млрд теңге) және Қырғызстаннан (33,7 млрд теңге) аударылған.

ақша аударымдары

Хабарламаларға жазылу