Өткен тәулікте коронавирустан 6 адам көз жұмды. 1003 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 196115-ке жеттi.
Соңғы тәулікте 843 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 176744. Қайтыс болғандар - 2601.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 27 028 адам ем қабылдап жатыр. 269 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 18 адам дертке шалдығып, 5 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 48313 адамға пневмония диагнозы қойылды. 37471 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 584.