Ақтөбе облысында мұнай компанияларындағы жұмысшылар жалақыны көтеруді талап еткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында мұнай компанияларындағы жұмысшылар жалақыны көтеруді талап еткен

07.02.2021

Осы аптада жолаушылар тасымалымен айналысатын Шымкенттегі Shymkent bus компаниясының автобус жүргізушілері жалақыны көбейтуді талап етіп, наразылық шарасын өткізді. Компания кеңсесінің алдына жиналған жүзден астам автобус жүргізушісі мен кондукторы жұмысқа шығудан бас тартты.

-Қолға таза 120 мыңы тиеді. Кондуктордың алатыны мүлде төмен. Жалақысы 70 мың теңге, оның өзін де дұрыс бермейді, деді шопырлар.

Иә, компанияда төлем картасы енгізілсе де, жұмыс беруші қолма-қол ақша төлеп пайдаланатын жолаушылардан түсетін ақшаға жоспар жүктеп қойған. Сонымен бірге автобус жуғызатын болған. Сөйтіп оларға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов келді.

Ақыры, жүргізушілермен жұмыс беруші келіссөз жүргізген, шопырлар өздеріне 200 мың теңге, кондукторларға 100 мың теңге айлық төлеуге, автобусты жуудан босатып, жұмысшыларды тасымалдайтын автобус шығаруға уәде етті, деп отыр. Мұнымен келіспегендер бар.

Негізі жыл басталғалы Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында мұнай және мұнай өндіретін компанияларға қосалқы кәсіпорындардың жұмысшылары наразылық митингілеріне шығып жүр. Ақтөбе облысы Темір ауданындағы «КМК Мұнай» және «АМК Мұнай» компанияларында істейтін қарапайым жұмысшылар жалақы көтеруді талап еткен, «КМК Мұнай» кенішінің мұнайшылары әрі кетсе 150 мың теңге алатындарын айтқан. Ал «АМК Мұнай» компаниясының мұнайшылары ғана емес, операторлары, жүргізушілері мен лаборанттары шыққан. Соңғылары 60 мың теңге алатындарын айтқан. Жергілікті ақпарат құралдарының жазуына қарағанда, жалақы көтеріледі. 100 процент емес, әрине. «КМК Мұнай» компаниясында 20 процентке. Сонымен бірге тарифтік разрядтарды өсіреді.

Ал «АМК Мұнай» компаниясында 40 мың теңге қосылады. Алдағы үш айда жұмыс беруші мұнайшылармен жаңа келісімшарт жасасады.


Хабарламаларға жазылу