Иә, елімізде әлеуметтік қызметкер деген позиция бар. Олар негізінен мүгедектігі бар, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектеседі. Түрлі медициналық мекемелерде қызмет етеді. Бірақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесетін қызметшілердің еңбекақысы аз, олардың сағатын қиып тастау «әдеті» бар. Ал мүгедектігі бар адамдардың медициналық көмекке байланысты түйткілдерден басқа да проблемасы көп, өте көп. Пандустардың жоқтығынан бастап, қаптаған кабинеттерге телміртіп қоятын бюрократиялық шырғалаңдар. Осы аптада ғана арбада отыратын мүгедектігі бар қарағандылық азаматтың баспалдағын қар мен мұз басқан поштаға еңбектеп кіргені туралы бейнежазба тарады: Тақырыпты Данияр Қайыртай зерттеп көрді.