The Lancet журналы: «Спутник V» вакцинасының тиімділігі 92 процентке жуық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

The Lancet журналы: «Спутник V» вакцинасының тиімділігі 92 процентке жуық

07.02.2021

Президент Қ.Тоқаев твиттердегі парағында: Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы. Азаматтарды вакциналау шығындарының барлығын мемлекет көтереді. Вакцина салуға денсаулығы жарамайтын азаматтардан басқалары, жаппай пандемия жағдайында екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінеді деп ойлаймын,- деп жазды.

Иә, дүйсенбіде вакциналау басталды. Ресейлік «Спутник V» вакцинасы салынып жатыр, ақпанның ортасынан бастап Қарағандыдағы фармкомпанияда өндірілетін вакцина салынады. Қарағандыдағы фармацевтика кешені Ресейдің тікелей инвестициялар қорымен келісімшарт бойынша тауар өндіруге келіскенін айтып отыр: вакцина өндіруге берілген лицензия ресейлік қорға тиесілі, ал Қарағандыда Ресейден жіберілген шикізат негізінде дайын екпе шығарылады. Ресейлік вакцина өндірушілер былтыр желтоқсан айында Қарағандыдан шыққан алғашқы партияны сапа талаптарына сай деп тапқан.

Біз Әкім Тұрсын есімді иммунологтан комментарий алғанбыз, жөнді мәшине шығара алмайтын ел қайдан вакцина шығарсын деп жұрт сын айтып жатыр, бұл мүлдем басқа нәрсе, екеуі екі екі бөлек дүние дейді. Осы тұста тоқталатын деталь - «Спутник V» вакцинасына байланысты әлемдік медициналық қауымдастық мойындайтын The Lancet журналында мақала шықты. Тиімділігі 92 процентке жуық деп, «Спутник V» -ге оң баға берген. Осыдан соң беделді Блумберг басылымы Ресей вакцинасы туралы мақалада оны қазіргі нарықта фаворит деп, «совет кезеңінен кейінгі Ресейдің ірі ғылыми серпілісі» деп бағалаған.

Ал елімізде сенім туғызуға лауазымды тұлғалар кірісті. Мысалы, екпе салғызған Шымкент әкімі жалақы көтеруді талап еткен шопырлармен кездесуінде ширақ көрінді.

Наразылық шарасы туралы кейінірек айтамыз. Қазір басталған вакциналау жайын Азамат Алдоңғар баяндайды.


Хабарламаларға жазылу