Премьер-Министр Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты

05.02.2021

Форум аясында одаққа мүше елдер премьер-министрлерінің отырысы да өтті. Оған Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстанның үкімет басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасының қатысты. Күн тәртібінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, ішкі нарықтың дамуына жол бермейтін кедергілерді жою, сондай-ақ экономиканың жекелеген салаларында интеграциялық әлеуетті дамыту мәселелері қаралды. Сонымен қатар, Еуразиялық Экономикалық комиссия мен ТМД-ның атқарушы комитеті арасындағы байланысты нығайтуға арналған жұмыс жоспары да бекітілді. Отырыстың қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстанның бастамаларын іске асыру жөніндегі жоспарын құптады. Онда 15 негізгі міндет пен 84 шара айқындалды. Биыл солардың 57-ін ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:
-Біздің жұмыс жоспарымыз одақтағы алты жылдық тәжірибемізбен, мүмкіндіктерімізді ескере отырып әзірленді. Қазіргі кезде Еуразиялық экономикалық одақ нарығының тиімділігі мен маңызы артып келеді. Сондықтан одаққа мүше елдер арасындағы сауда-саттықтағы кедергілерді жою жұмыстарын күшейтуіміз қажет.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу