Еңбек адамдары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еңбек адамдары марапатталды

05.02.2021

«Ауыл» партиясының 122 мүшесі мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды. Шара өткен жылғы «Еңбек адамы – ел тірегі» әлеуметтік бастамасының қорытындысы аясында өтті. Марапатқа ие болғандар арасында тек ауыл шаруашылығы емес, сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, мәдениет және спорт саласының үздіктері бар. Олар «Еңбек ардагері» медалімен, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» және «Денсаулық саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен, бірқатар министрліктердің Құрмет грамоталарымен марапатталды. 

Айта кетейік, соңғы 4 жылда партияның 700-ге жуық мүшесі түрлі наградаларға ие болды.

Әли Бектаев, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы:
Еңбек адамының жалпы еңбегін бағалау, жұмысын бағалау, оны көтеру, көпшілікке үлгі ету, жастарды сол арқылы тәрбиелеу – бұл үлкен мәселе деп есептейміз. Және осы мақсаттта басталған үлкен бастама. Бұл өзінің жемісін береді ғой деп ойлаймыз.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу