Қазақстан тұрғын үйді жалға алу құны қымбат елдер рейтингінде 107-орында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан тұрғын үйді жалға алу құны қымбат елдер рейтингінде 107-орында

05.02.2021
Қазақстан тұрғын үйді жалға алу құны қымбат елдер рейтингінде 107-орында

Қазақстан тұрғын үйді жалға алу құны бойынша рейтингіде 138 елдің ішінде 107-орында, деп хабарлайды energyprom.kz


Рейтинг елдердегі баспананы жалға алу бағасы Нью-Йорктегіден қаншалықты арзан немесе қымбат екенін анықтайды (индексі 100). Егер мемлекеттер индексі 110 болса, Нью-Йорктегі бағадан 10% қымбат, 95 болса - сәйкесінше 5% арзан деген сөз. Қазақстанның индексі 9,31-ді құрады.

Жалға алу құны қымбат үйлер Бермуд алардары, Гонконг және Сингапурда. Ал ең арзан тұрғын үйді Ауғанстаннан табуға болады.

Былтыр Қазақтанда абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу құны бір жылда 9,3%-ға, абаттандырылмаған тұрғын үйді жалға алу бағасы 3,5%-ға өскен.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалдау құны қымбат қалалар (орташа бағасы): Нұр-Сұлтан (шаршы метрі 2,9 мың теңге), Алматы (2,3 мың теңге) және Ақтау (2 мың теңге). Ең арзаны Семейде (шаршы метріне 1,2 мың теңге).

Хабарламаларға жазылу