12 адам көз жұмды: COVID-19 бен пневмонияға қатысты тәуліктік статистика жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

12 адам көз жұмды: COVID-19 бен пневмонияға қатысты тәуліктік статистика жарияланды

05.02.2021
12 адам көз жұмды: COVID-19 бен пневмонияға қатысты тәуліктік статистика жарияланды

Өткен тәулікте коронавирустан 6 адам көз жұмды. 1186 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 192825-ке жеттi. 

Соңғы тәулікте 1450 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 173659. Қайтыс болғандар - 2582.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 27 480 адам ем қабылдап жатыр. 265 науқастың жағдайы ауыр.

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 71 адам дертке шалдығып, 6 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 48158 адамға пневмония диагнозы қойылды. 36683 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 579.

Хабарламаларға жазылу