Қызылордада басшылық лауазымындағы полицейлерге қатысты тергеу амалдары жүруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада басшылық лауазымындағы полицейлерге қатысты тергеу амалдары жүруде

04.02.2021

Қызылордада басшылық лауазымдағы екі бірдей полиция өкілі сыбайлас-жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды. Бүгінде бұл қылмыстық дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Жергілікті полиция қызметінің бастығы өзінен жоғары лауазымды басшыға жұмыс кабинетінде 95 мың теңге көлемінде пара беріп жатқан жерінде екеуі де құрықталған. Кейін, шенділердің бірі уақытша ұстау абақтысында қамақ бөлмесін таңдап жүрген сәті бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Бұған қатысты толық мән-жайды сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жария етпегенімен, жоққа да шығарған жоқ.

Әділжан Серікұлы


Хабарламаларға жазылу