Президент Мәдениет және спорт министрін қабылдады. Ақтоты Райымқұлова Мемлекет басшысына мəдениет, спорт, туризм, кинематография салаларында атқарылған жұмыстар жайлы есеп берді. Әрі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығын атап өтуге арналған шаралар жайлы айтты.
Сондай-ақ Токио Олимпиадасына дайындық, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелер де сөз болды. Қасым-Жомарт Тоқаев идеологиялық, тәрбиелік маңызы зор жұмыстарды, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, цифрландыру бойынша қолға алынған бастамаларды жалғастыруды тапсырды.
Досжан Маратұлы