Жаңаөзендегі сауда орталығына бомба қойылды деп жалған ақпар таратқан тұрғын 6 жылға сотталуы мүмкін.
Жарылғыш зат туралы ақпарат кешкі сегіз шамасында түскен. Арнайы жасақ дереу оқиға орнына жетіп, сауда орнындағы ондаған адам жылдам сыртқа шығарылған.
Бірақ тексеру кезінде ештеңе табылмаған. Екі жарым сағат өткенде айыпты тәртіп сақшыларына өзі келген.
Тергеу барысында 20 жастағы жігіттің Жаңаөзен қаласының тұрғыны екені анықталды. Енді ол 6 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Күдікті:
4 қаңтар күні «Зибаға» бомба қойдым деп, 102 номеріне хабарластым. Мұның барлығы отбасы жағдайыма байланысты болды. Жасағандарыма өкінемін. Бар кінәмді мойындаймын.
Айсара АЙТМАН