Қарағандылық кәсіпорын 120 тоннадан астам темір рудасын Қытайға заңсыз сатқан. Бұл дерек биыл қаңтар айында әшкере болып, заңсыз темір кені өндірісінің жолы кесілді. Тергеу барысында 2016-2017 жылдар аралығында облыстағы коммерциялық кәсіпорындардың бірі 128 тоннадан астам темір кенін өндірген. Сөйтіп қара металл шикізатын үлестес компания арқылы көрші елге өткізіп отырған. Осылайша жалпы құны 1 млрд теңгеден астам пайда тапқан. Қаржылық мониторинг комитеті бұл дерек бойынша іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.
Руслан Нұрланұлы