Атырауда осыдан үш жыл бұрын әрқайсысы 300 млн теңгеден астам бюджет қаржысына салынған полиция бекеттері жабылып қалды. Енді қаңырап бос қалған 4 нысанның екеуі сенімгерлік басқаруға берілмек. Бұған дейін тендерге екі рет шығарылды. Алайда ғимараттарды күтіп ұстауға қызығушылық танытқан ешкім жоқ. 2019 жылы Ішкі істер министрлігі мұндай полиция бекеттері парақорлықты күшейтеді деп мәлімдеген еді. Содан кейін қызметі тоқтатылды.
Гүлхан Ғалымжанова, қалалық қаржы бөлімі басшысының орынбасары:
Елімізде бір карантиндік және басқада шаралар болған жағдайда сенімгерлік басқаруға алушы обьектіні 24 сағатта босатып, уақытша пайдалануға Үкіметке беруге міндетті.
Жандос Темірғали