Коронавирусқа шалдыққандардың арасында басқа кеселге душар болғандар көбейді. Тіпті мүгедек болып қалғандар бар. Ел бойынша вирустан кейін 250 адамның инсульт алғаны дәлелденген. Жыл сайын елде 41 мың адам инсульт алады. Оның үстіне кесел жасарып барады. ТМД аумағында аурудан қайтыс болу фактілері бойынша Қазақстан көш бастап тұр. Дерттің туындау себептеріне енді ковид қосылды. Былтырдан бері 250 адам коронавирустың асқынуынан инсульт алған.
Ержан Әділбеков, инсульт проблемалары жөніндегі республикалық үйлестіру орталығының басшысы:-Тамызда аяғы ауыр әйел 28 ай кезінде ауруханаға түседі. Сол жерде анализ алғанда коронавирустік инфекция болып шығады. Кесарево жасап баланы аман алып қалдық. Бірақ ол әйел инсульт алып қалды. Оған операция жасап, барлығы жақсы түрде шығардық. Бала да, әйел де тірі. Бірақ кішкене бір жағы жұмыс істемейді.
Оның сол жағы әлі жансыз. Инсульттің ең ауыр түрін алған. Қауіптісі де сол – алдын ала белгілері байқалмаған. Ал кеселге шалдыққандардың тек 10 пайызы ғана қалпына келеді. Басқалары мүгедек болып қалады немесе көз жұмады.
Төребек Рахметов, Қызылорда облысының тұрғыны:-Сол жұмыста жүргенде алғашқы белгілері сол денем тонып, өзіммен өзім дірілдей бердім. Содан түнгі бір, бір жарымның кезінде осындай жағдайға душар болдым. Бір қол, бір аяғым төсекте жатқан кезімде жұмыс істемей қалды.
Иммунитеті әлсіреген адамды инсультке «жығып беретін» - коронавирус. Сондықтан мамандар сауысқандай сақ жүруге шақырды. Өйткені, вирустың қоздырмайтын ауруы жоқ. Жұқпалы дерттің тағы не жұқтыратынын ғалымдардың өзі зерттеп үлгермей жатыр.
Асима Нұрбайқызы