Ақтөбеде жалған хабарлама жіберген адам іздестірілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде жалған хабарлама жіберген адам іздестірілуде

03.02.2021

Бүгін Ақтөбедегі ІІМ-нің заң институтының ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен. Шаһардағы барлық шұғыл қызметтер дереу оқиға орнына келді.

Сондай-ақ, қоңырау шалған азамат хабарлама арқылы банк картасына 1 млн 300 мың рубль аударуды талап еткен. Курсанттар мен оқытушылар, барлығы 474 адам эвакуацияланды. Алайда, жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті іздестіріліп жатыр. Бұл осымен соңғы 1 айдағы үшінші оқиға. 

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу