Орал қаласының тұрғыны пәтерінің бір бөлмесін қару-жарақ шеберханасына айналдырған.
62 жастағы азаматты полицияның арнайы жасағы құрықтады. Ол бұған дейін де қару жасап, істі болған. Үйді тінту кезінде қару-жарақтың ондаған түрі табылды. Оның ішінде тапанша, мылтық , тіпті қылышқа дейін бар. Сондай ақ қаруға қосалқы бөлшектер мен оқ дәрі де тәркіленді. Күдіктінің бұған дейін қаладағы зауыттардың бірінде темір жонушы болып істегені анықталды.
Болатбек Белгібеков, БҚО Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
Бұған дейін бірнеше рет атыс қаруын, олардың компоненттерін заңсыз өндірумен немесе жөндеумен, сондай-ақ оқ дәрілерді заңсыз өндірумен айналысқаны анықталды. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша, яғни қаруды заңсыз дайындау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.