Вакцина індетті тоқтатуға көмектеседі - мамандар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вакцина індетті тоқтатуға көмектеседі - мамандар

03.02.2021

АҚШ, Қытай, Ұлыбритания елдері коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырудан көш бастап тұр. Біздің елімізде де медицина қызметкерлеріне екпе егу жалғасуда. Дәрігерлер вакцинадан бас тартсақ, эпидахуал ушыға түсуі мүмкін екенін алға тартып отыр. 

Динагүл Баяшева, медицина ғылымдарының докторы, профессор:
Әрине осы күні бұл ауруды тоқтату үшін тек вакцина көмектеседі. Жанама әсеріне қарағанда оның оң әсері көбірек. Сондықтан бұған еш күмән болмау керек. 

Алмаз Шарман, Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті:
Бізде 2 таңдау бар. Не халықтың 70-80 пайызы коронавируспен ауырып шығып, өзіне иммунитет қалыптастырады. Бірақ бұл бәрі аман қалады деген сөз емес. Жазылған күннің өзінде індеттің салдары денсаулықтың нашарлауына алып келеді. Сондықтан екінші таңдауға тоқтап, екпе қабылдау тиімді. 

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу