Қазақстан туу көрсеткіші бойынша әлем елдерінің рейтингінде 105-орында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан туу көрсеткіші бойынша әлем елдерінің рейтингінде 105-орында

03.02.2021
Қазақстан туу көрсеткіші бойынша әлем елдерінің рейтингінде 105-орында

Қазақстан туу көрсеткіші бойынша әлем елдерінің рейтингінде 105-орында. Елімізде 10 мың адамға шаққанда орта есеппен 164 нәресте туған, деп хабарлайды Finprom.kz.

Рейтингіде Нигер (10 мың тұрғынға шаққанда 475 нәресте дүниеге келді), Ангола (427) және Уганда (423) елдері көш бастап тұр. Соңғы орында - Монако (64 бала туған).


ЕАЭО елдерінің ішінде Қырғызстан Қазақстанға қарағанда жақсы көрсеткішке ие: 10 мың адамға 206 нәрестеден келеді. Арменияда бұл көрсеткіш - 119, Ресейде - 100, Беларусьте - 95.

Айта кетейік, былтыр қаңтар-қараша аралығында Қазақстанда 386,9 мың сәби дүниеге келген. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 5 пайызға көп.

Өңірлер бойынша Түркістан облысында туу көрсеткіші жоғары (14,3 пайыз) - 55,3 мың. Одан кейін Алматы облысы (49,1 мың нәресте) және Алматы (32,3 мың).

Хабарламаларға жазылу