Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды тауға шықпауға шақырды. Себебі, күннің жылынуына байланысты тауда қар көшкіні жүруі мүмкін. «Казгидромет» мамандары да соңғы тәулікте жауын-шашынның түсуіне байланысты ескерту жасады. Болжамға сәйкес, оңтүстік және батыстан жылы ауа массалары жылжып келеді. Сондықтан, қар еріп, адамдарға қауіп төндіруі мүмкін дейді мамандар.
Кеңесжан Омарханұлы, «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің өкілі:-Екінші және үшінші ақпан аралығында Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарында кей жерлерінде, биік шыңдарында қар көшкіні болу қауіпі бар. Алматы қаласының қонақтары мен тұрғындарына тауда жүру ережелерін сақтап, абай болуын ескертеміз.