Азаматтардың жеке деректері саудаланып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азаматтардың жеке деректері саудаланып жатыр

02.02.2021

10 млн 500 мың қазақстандықтың жеке куәлігі, мекен-жайы және байланыс нөмірлері жинақталған база сатылады. Осындай ақпарат соңғы күндері интернет қолданушылардың назарын өзіне аудартты. Осыншама ақпарат үшін «саудагерлер» 1,5 мың АҚШ долларын сұраған. Қарапайым есепке салса, 1 адам жайлы ақпарат 10 долларға бағаланған. Жарнама авторлары аталған ақпаратты қалай ала алатыны және қандай жолмен ақша төлеу керектігін де жазып қойған.

Нұрділдә Ораз, ҚР ІІМ ресми өкілі:
ҚР ІІМ азаматтардың жеке деректері жария болды деген ақпараттың жалған екенін хабарлайды. Және де бұл хабарламаны әрі қарай таратпауға шақырады.

Ғабит Бөкенбай


Хабарламаларға жазылу