Президент ел азаматтары пандемия кезінде екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінетініне сенім білдірді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында:
«1 ақпан күні Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы жаппай вакцина салу басталды. Біз індетке қарсы әлемдік тәжірибені қолданып отырмыз. Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы. Азаматтарды вакциналау шығындарының барлығын мемлекет көтереді. Вакцина салуға денсаулығы жарамайтын азаматтардан басқалары, жаппай пандемия жағдайында екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінеді деп ойлаймын»,- деп жазған.
Нысаналы Ығыл