Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады. Президентке сот жүйесіне әкімшілік әділет тетіктерін енгізу бойынша дайындық жұмыстары баяндалды. Жоғарғы сот төрағасы 1-шілдеден Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс қолданысқа енгеннен кейін, мемлекеттік құрылымдарға талап күшейтенін жеткізді. Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, жаңашылдық инвестициялық ахуалды жақсартуға және экономиканың дамуына ықпал етеді.
Дарын Сағитов