Елімізде әкімдер атқарылған жұмыстары бойынша халық алдында есеп бере бастады. Пандемияға байланысты биылғы есептік кездесулердің көбі онлайн форматта өтуде. Мысалы, бүгін Өскемен қаласының әкімі әлеуметтік желі арқылы тұрғындардан түскен жүздеген сұраққа жауап беріп, алдағы жоспармен бөлісті. Қаланың бір шағын ауданындағы халықпен тікелей байланыс ZOOM платформасы және әкімдіктің аккаунтары арқылы орнатылды. Шығыстың бас шаһарында алдағы күндері тағы осындай 4 есептік кездесу ұйымдастыру көзделген. Эпидемиологиялық жағдай жақсарған соң қала әкімі тұрғындармен шағын форматта кездесуді жоспарлап отыр.
Жақсылық Омар, Өскемен қаласының әкімі:
Онлайн кездесуде бір байқағаным, тосын сұрақтар өте көп болды. Біз кейде осы мәселе жақсы деп жүрген жерден, кемшілік бар екенін байқадық. Істедік деген жерімізден жетіспейтін көп дүние бар екенін байқадық. Біз ол мәселелелерді жіті тексеріп, шешім қабылдауымыз керек деп ойлаймын.
Берік Көшербай