Қазан айындағы халық санағы екі тәсілмен жүргізіледі. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді. Біріншісі sanaq.gov.kz сайтында сауалнама жүргізу арқылы жүзеге асады. Яғни азаматтар өзіне және отбасы мүшелеріне санақ парақтарын толтыруға мүмкіндік алады. Екінші тәсіл – дәстүрлі үй-үйді аралау. Бұл онлайн санақтан өтпегендер арасында ғана жүргізіледі.
Қайрат Келімбетов, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы:
Үй-үйді аралау кезінде электрондық планшеттер пайдаланылады. Бұл да енгізілген жаңашылдықтардың бірі. Планшеттер кейін тиісті өңірлердегі мектептерге беріледі. Үйлерді аралау 1-30 қазан аралығында өтеді.
Дарын Сағитов