«5-10-20» жобасы жалғасады - министр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«5-10-20» жобасы жалғасады - министр

02.02.2021
«5-10-20» жобасы жалғасады - министр

Бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов «5-10-20» жобасы жалғасатынын, баспана кезегінде тұрған 353 мың адам қолдау табатынын мәлімдеді.

«Жалға берілетін тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарта отырып, тұрғын үй құрылысының жаңа тетігі әзірленеді. Сонымен қатар, кредиттік тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайту және «5-10-20» жобасын жалғастыру ұсынылады», - деді министр.

Айтуынша, жобаны жалғастыру үшін жыл сайын 420 млрд теңге қажет. Яғни, бұл мақсатқа 7 жыл ішінде 2,9 трлн теңге қажет болады. Бұл жыл сайын тіркелген бағамен 35 мың пәтер салуға мүмкіндік береді. Осылайша жаңа тетік арқылы кезекте тұрған 353 мың адам қолдауға ие болмақ.

Хабарламаларға жазылу