Енді азаматтар жүргізуші куәлігін өздерімен бірге алып жүруге міндетті емес. Мемлекет басшысы осындай заңға қол қойды. Қажет болса жол сақшылары жүргізушінің жеке куәлігі арқылы электронды түрде мәліметтерді тексере алады. Өйткені, аталған құжаттар ішкі істер органдарының базасында сақталған. Ал, ғаламтор сапасы нашар аймақта қызметкер рация арқылы кезекші бөлімге хабарласып, тиісті мәліметті біледі. Мұндай заңды қабылдауға түрткі болған себеп - соңғы 10 айдың өзінде 150 мың адам жүргізуші куәлігін ұмытып кеткені үшін жауапкершілікке тартылған. Бұл заң тек Қазақстан азаматтарына қатысты. Яғни, шетелдіктер аталған құжатты өздерімен алып жүруге міндетті.
Амангелді Сейітхан