Қытай-Қазақстан шекарасындағы карантиндік шектеу жазға дейін жалғасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай-Қазақстан шекарасындағы карантиндік шектеу жазға дейін жалғасады

01.02.2021

Қытай-Қазақстан шекарасындағы карантиндік шектеулер жазға дейін жалғасады. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына еліміздің сыртқы істер министрлігі арқылы Қытай дипломаттарынан осындай ескерту хат келіп түсті.Онда көрші ел карантиндік шектеулерді жеңілдетпейтінін және оған түсіністікпен қарауды сұраған. Соның кесірінен еліміздің кәсіпкерлері тауарын Қытайға кіргізе алмай, «Нұр Жолы» бекетінде ұзын-сонар кезекте тұрғанына бірнеше айдың жүзі болды. Өйткені бір ғана жүк көлігін дезинфекциялық өңдеуден өткізу үшін бір жарым сағат, ал вагонды залалсыздандыру үшін 6 сағатқа дейін уақыт кетеді. Салдарынан шекарада жүздеген көлік пен 12 мыңнан астам вагон кезегін күтіп тұр. Кәсіпкерлер палатасы бұл сауда-саттыққа кері әсер етіп, тіпті Қытайдағы кейбір тапсырыс берушілер тауардан бас тартып жатыр дейді.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу