Медицина мамандары вакцина салдыруға шақыруда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Медицина мамандары вакцина салдыруға шақыруда

01.02.2021

Ел дәрігерлері жаңа челлендж бастады. Вакцина ал хэштегімен қазақстандықтарды өз денсаулығына қамқорлықпен қарауға және егу науқанына қатысуға шақырып жатыр. «Мен «Sputnik V» вакцинасын ерікті түрде қабылдадым, бұл мүлдем ауырмайды, ең бастысы қауіпсіз!», - деп жарияланған әлеуметтік желіде. Медицина мамандары екпенің маңызынан бөлек, препаратқа жеке реакциялар пайда болғанда не істеу керектігі жөнінде де кеңес қалдыруда. Жадынамада пациенттердің 10 пайызында әлсіздік, шаршау және жүрек айнуы мүмкін. Осы кезде физикалық белсенділікті азайтып, демалуға кеңес беріледі.

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу