Зейнетақы жинағының бір бөлігін 9 мыңдай адам алып үлгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы жинағының бір бөлігін 9 мыңдай адам алып үлгерді

01.02.2021

Бұл туралы «Отбасы банкі» хабарлап отыр. Айтуларынша енді бұл азаматтар 45 күн ішінде ақшаны баспана сатып алуға, ипотеканы жабуға, немесе рәсімдеуге яғни мақсатты түрде алғанын растауы керек. Ол үшін құжаттарды enpf-otbasy.kz сайтында жүктеу қажет. Ал осы құжаттар мақұлданған соң, ақша 10 күн ішінде қажетті банкке аударылады. Қазір өтінімдерді қабылдау жалғасып жатыр. Дәл қазір жинағының бір бөлігін алуға 80 мыңнан астам өтініш берген.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу