Елордадағы 6300 медицина маманы коронавирусқа қарсы екпе салдыруға келісім берген. Жалпы, елорда бойынша жасы 18-ден 65-ке дейінгі 735 мың адам егілуі тиіс. Ал жүкті әйелдер мен бала емізетін аналар, коронавируспен науқастанғанына 6 ай толмағандар, олармен байланыста болып, оқшауланған азаматтар, вирустың симптомсыз түрімен ауырғандарға екпе салынбайды. Ал вакцинадан кейін қойылатын бірнеше талап бар. Мәселен, иммунитет бірден қалыптаспайды. Сондықтан санитарлық талаптарды сақтаған жөн. Екіншіден, екпе орнына су тигізбеу керек. Ішімдік ішуге, шамадан тыс физикалық күш салуға болмайды. Сондай-ақ жанама әсерлердің де болатыны ескертілді. Дене қызуы, әлсіздік, бас ауруы, шаршау, ауырсыну, екпе орнының ісуі, жүрек айну, тәбеттің болмауы, аллергиялық реакциялар туындаған жағдайда бірден жедел жәрдемге жүгінген жөн.
Тимур Мұратов, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Оның бәрі адамның организміне байланысты. Вакцина алған адамға жазып береміз. Үш күннің ішінде, арақ ішуге болмайды. Ыстық буға түсуге болмайды. Бүгін таңертең 10.00-де вакцина алдым. Жағдайым жақсы. Маған да сондай түсініктеме берді.
Раушан Сайлауқызы