Қазақстан адам бостандығы индексінде 162 елдің ішінде 75-орында тұр, деп хабарлайды finprom.kz.
Еліміздің индексі 6,99-ы құрайды. Бұл көрсеткіш ЕАЭО елдерінің ішінде Армения мен Қырғызстаннан төмен.
Бостандық индексі рейтингінде Жаңа Зеландия, Швейцария және Гонконг көш бастап тұр. Ал төменгі көрсеткіш Сирияда - 3,97.
Қазақстан жеке бас еркіндігі бойынша 90-орынға, экономикалық еркіндік бойынша 73-орынға тұрақтады.
Жалпы, бостандық индексі адамдардың жеке бас, азаматтық және экономикалық еркіндігі сияқты 76 көрсеткіш негізінде есептеледі.