Өткен тәулікте коронавирустан 7 адам көз жұмды. 1259 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 187970-ке жеттi.
Соңғы тәулікте 854 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 168768. Қайтыс болғандар - 2556.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 28 050 адам ем қабылдап жатыр. 260 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 16 адам дертке шалдығып, 1 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 47874 адамға пневмония диагнозы қойылды. 35900 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 570.