Елбасы Nur Otan-ның 18 мың белсенді мүшесіне алғыс хат жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Nur Otan-ның 18 мың белсенді мүшесіне алғыс хат жолдады

31.01.2021

Өткен сайлау барысында «Nur Otan»-ның үгіт-насихат науқанына белсенді қатысқаны үшін партия лидері Нұрсұлтан Назарбаев 18 мыңнан астам қатардағы белсенді мен партия жақтастарына алғыс хат жолдады. Олардың 70%-тен астамы – аудан мен шағын қалалардың тұрғындары.

Бұл туралы партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, өткен сайлау науқанында «Nur Otan» бір айға жетпейтін уақытта 7 миллионнан астам сайлаушыны қамти отырып, 28 мыңдай үгіт-насихат іс-шарасы мен кездесулер өткізген. «Есіктен есікке» акциясы аясында «жас отандықтар» бір миллион төрт жүз мың үй мен пәтерді аралап, 6 млн-нан аса үгіт материалын таратыпты. Кандидаттар мен сенімді өкілдер 48 мыңнан астам адамды қабылдаған.

Бауыржан Байбектің айтуынша, бір ай ішінде «Nur Otan» партиясы жұртшылыққа барлық ауданда, қалада және облыста сайлауалды уәделерді іске асыру бойынша жол карталарын ұсынады. Онда нақты нысаналы индикаторлар, іске асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты орындаушылары көрсетіледі.


Хабарламаларға жазылу