Алматы облысы бойынша 43 мың гектар жайылым жердің мәселесі шешілмеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысы бойынша 43 мың гектар жайылым жердің мәселесі шешілмеген

31.01.2021

Президент Жер кодексінің кейбір нормаларына жарияланған мораторийдің биыл аяқталатынына назар аударды. Осыған байланысты Үкіметке Жер комиссиясының жұмысын қайта жандандыруды және қараша айына дейін түзетулерді қабылдауды тапсырды.

Тағы бір маңызды мәселе: Жайылымдар. Мемлекет басшысы жайылым таппай қиналып отырған ауылдардың тұрғындарынан, әсіресе Алматы, Түркістан облыстарының азаматтарынан арыз-шағым көп түсетінін айтты. Президенттің мәліметінше, жайылымдардың 99 проценті шаруа қожалықтарының иелігінде. Алайда оның 36 процентінде ғана мал жайылады. Қалған 46 миллион гектар жайылымдық жер бос жатыр.

Иә, «Әркім өз күнін өзі көруі керек» дегенге көнген жұрттың бірі мал ұстайды. Бірақ. Бірақ, жайылым жетпейді. Өз күнін өзі көретіндер бұл мәселені өздері шеше алмайды. Алматы облысынан бір емес, екі мысалды меншікті тілшіміз Қуаныш Қанатұлы келтіреді, арыз-шағым азаймайтын сияқты.

Хабарламаларға жазылу