Жемқорлық фактісімен істі болғандардан былтыр ел бюджетіне 50 миллиард теңгеге жуық қыруар қаржы өндірілген. Жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлерінің айтуынша бұл рекордтық көрсеткіш. Былтырмен салыстырғанда екі есе көп. Мәселен 2019 жылы жемқорлардан 23 миллиард теңге өндірілген. Енді бұл сома 50 миллиардтан асып отыр. Ол пара беріп, алған және қазына қаржысын ұрлап, қызметін асыра пайдаланғаны үшін істі болған 700-ден астам адамнан өндірілген.
Досжан Маратұлы