Шенеуніктер дағдарыспен күресуге бөлінген қаржыны жымқырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шенеуніктер дағдарыспен күресуге бөлінген қаржыны жымқырған

29.01.2021

Шенеуніктер карантин кезінде дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген қаржыны жымқырған. Елде пара берсе, ала беретін басшы азаймай тұр. Тек былтыр 210 басшыға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Жең ұшынан жалғасқан сыбайластық қай салада болсын тамыр жайған. Бір жылда 722 адам сотталды, оның ішінде бір облыс әкімі, төрт облыс әкімінің орынбасары, екі жауапты хатшы, екі комитет төрағасы, бір елші, бес судья, 10 аудан әкімі мен олардың орынбасары бар. Одан бөлек, бес вице-министрге, бес комитет төрағасы мен олардың орынбасарына, сондай-ақ квазимемлекеттік ұйымдардың бес топ-менеджеріне қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр. Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің былтырғы жұмысы қорытындыланды.

Алик Шпекбаев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы: 
Пандемия кезінде халық билікке үміт артып, қамқорлық пен көмек күтіп отырғанда кейбір арсыз шенеуніктер мен топ-менеджерлер заңнан да, Құдайдан да қорықпай, лауазымын қалтасын толтыруға пайдаланып, жүйелі түрде пара алып, бюджет қаржысын жымқырды. Менің ойымша, өз халқының қайғы-қасіреті арқылы баю – сатқындық пен адам өлтіруге тең.

Әсима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу