Алматыда карантиннің күшейтілуіне байланысты блок-бекеттер қойыла ма? Тұрғындарды алаңдатқан мәселеге қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері жауап берді. Жандарбек Бекшиннің сөзінше, санитарлық талаптардың қатаңдатылуына қарамастан, Алматыға кіреберістерде блок бекеттер қойылмайды. Әуе және теміржол қатынасына да ешқандай шектеу жоқ. Дегенмен 1 ақпаннан бастап кейбір кәсіпкерлік нысандардың жұмыс тәртібі өзгереді.
Бас санитардың қаулысына сәйкес демалыс күндері сауда-ойын-сауық орталықтары жабық. Мәдени нысандар, оның ішінде театрлар мен кинотеатрлар жұмыс істемейді.
Айта кетейін, Алматы қаласы коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта.
Жазира Оразқызы