Жамбыл облысында 600 мыңдай тұрғынға вакцина салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында 600 мыңдай тұрғынға вакцина салынады

29.01.2021

Жамбылда облысында шамамен 600 мыңға тарта адамға екпе салынады. Өңірде 18 бен 64 жас аралығындағы 700 мыңға жуық тұрғын бар. Алдын ала болжаммен Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев бөлісті. Оның айтуынша, ақпан айында ресейлік «Спутник V» вакцинасы 5 мың тұрғынға егілмек. Ал наурыз-маусым айларында 95 мың тұрғынға екпе жасалады. Ал қалған бес жүз мыңға жуық тұрғынға отандық вакцина салынады деп жоспарланған. Қажетті вакцина мен шприцтерді алуға екі жарым милиард теңге көлемінде қаражат жұмсалмақ.

Әсет Қалиев, Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Вакцина келгенге дейін бізде толық дайындық жұмыстары болады. 575 арнайы кабинет дайындап жатырмыз.

Ақмола облысында коронавирусқа қарсы екпе салатын 24 орын дайындалды. Өңірге вакцинаның алғашқы легі, ресейлік «Спутник-V» екпесінің 1100 дозасы бірер күнде жеткізіледі. Бұл дәрі алдымен жұқпалы ауруларды емдеу орталықтарында істейтін медицина мамандарына және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдеріне салынады. Вакцинациялауға 1 мыңнан астам қызметкер жұмылдырылады. Бұл екпе салудың алғашқы легіне қойылған жоспар. Кейін орталықтардың да, жылжымалы топтардың да саны көбейтіледі.

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу