Желтоқсанда жылу бағасы не себепті қымбаттағаны тексерілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Желтоқсанда жылу бағасы не себепті қымбаттағаны тексерілмек

29.01.2021

Табиғи монополияларды реттеу комитеті желтоқсан айында жылу бағасы не себепті қымбаттағанын анықтау үшін жоспардан тыс тексеріс бастады. Естеріңізде болса, елорда мен Қостанай және Қарағанды тұрғындары түбіртектегі есептің шамадан тыс жоғары екеніне шағымданған. Біздің арна оны эфирден көрсеткен болатын. Ал енді тиісті мекеме сол түбіртектердің қаншалықтың заңды екенін зерттемек. Қарағанды да жылумен жабдықтау қызметінің сапасы да қаралады. 

Ескендір Сүлейменов, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің жылу энергетикасы саласын реттеу басқармасының сарапшысы:
Осы тексеріс шеңберінде ауа температурасының көтерілуіне байланысты себептерден басқа, монополистердің жылу үшін жоғары төлемдер қою себептеріне мұқият талдау жүргізілетін болады. Қандай да бір бұзушылық анықталатын болса, оларға тиісті шешім қабылданады.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу