Қаржылық мониторинг агенттігі құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаржылық мониторинг агенттігі құрылды

28.01.2021

Елде қаржылық мониторинг агенттігі құрылды. Ведомства тікелей Президентке бағынады. Агенттік төрағасы болып Жанат Элиманов тағайындалды. Жаңа құрылым қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырып, терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет етеді. Экономикалық және қаржылық қылмыстармен де айналысады. Сосын оларды анықтап, жолын кесіп, тергеп-тексере алады. Президент бүгін жаңадан құрылған агенттік төрағасын қабылдап, жақында таратылған Қаржы мониторингі комитетінің былтыр атқарған жұмыстарының қорытындыларын тыңдады. Жанат Элиманов Президентке FATF нормаларын іске асыруды өзара бағалаудың екінші кезеңін өткізуге дайындық барысы туралы есеп берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жанат Элимановқа көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты күшейтуді, бұл ретте бизнесін адал істеп отырған кәсіпкерлердің мүддесін қорғауды және олардың жұмысына жөнсіз араласуға жол бермеуді тапсырды.

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу