Құсмұрын колониясы басшысының орынбасары сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құсмұрын колониясы басшысының орынбасары сотталды

28.01.2021

Қостанайдағы Құсмұрын колониясы бастығының орынбасары қамаудағыларды азаптағаны үшін енді өзі де сотталды. Жалпы режимдегі УК-161/4 мекемесінде қызмет еткен ол былтыр мамыр айында осы қылмысы үшін жауапқа тартылды. Құсмұрын колониясы өткен жылы таратылғандықтан жәбірленушілер қазір облыс аумағынан тыс жерлерде жазасын өтеп жатыр. Ал лауазым иесіне қатысты 2 күн бұрын Әулиекөл аудандық соты үкім кесті.

Зәуре Едікова, облыстық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі:
Әулиекөл аудандық соты, Құсмұрын кенті, 161/4 колониясы бастығының орынбасарына 2,5 жыл бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды. Сонымен қатар физикалық және психикалық азап келтіргені үшін оған 3 жылға дейін мемлекеттік қызмет істеуге тыйым салынды. Сот үкімі әлі заңды күніне енген жоқ.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу