Вакцина вирус жұқтыру қаупін төмендетеді. Сондай-ақ, иммунитеттің қалыптасуына мүмкіндік беріп, індеттің асқынуының алдын алады. Осылай деген алматылық дәрігерлер екпенің маңыздылығына тоқталды.
Манар Смағұл, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары:
Бүгінгі күні өзіміз де куә болып отырмыз. Оның маңызды екеніне. Ол вакцинаны көп ел енгізіп жатыр.
Батыржан Баратов, эпидемиолог:
Қауіпті инфекциямен күресте вакцинаның маңызы ерекше. Әлемді жайлаған індеттен құтылудың бір жолы осы. Сондықтан көпшілікті бұған жауапкершілікпен қарап, сауатты ақпарат таратуға шақырамын.