Депутаттар тағы да зейнет жасын 60-қа дейін төмендетуді ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар тағы да зейнет жасын 60-қа дейін төмендетуді ұсынды

27.01.2021
Депутаттар тағы да зейнет жасын 60-қа дейін төмендетуді ұсынды

Мәжіліс депутаты Александр Милютин еңбек жағдайының қиындығына байланысты азаматтардың зейнет жасын 60-қа дейін төмендетуді ұсынып, Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады.

«Қазақстандықтардың көбінде жалақының аздығынан зейнетақы жинағы жеткіліксіз. Еңбек жағдайының қиындығына байланысты азаматтардың зейнетке шығу жасын қайта қарап, оны 60-қа дейін төмендету керек. Зейнетке шығу жасын кезең-кезеңмен ұлғайтудың мәні жоқ. Ең төменгі базалық зейнетақы жыл сайынғы орташа жалақыға тең болуы керек», - деді депутат.

Оған қоса, БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтары төмендегенін де айта кетті.

«2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша олар 11 триллион 405 миллиард теңге болды, ал 2020 жылғы 1 маусымға қарай 11 триллион 388 миллиард теңгеге дейін азайды, яғни 17 миллиард теңгеге қысқарды. Халықтың зейнетақы жүйесіне нашар қатысуы, жинақтардың төмен деңгейі әлеуметтік қиындыққа әкеп соқты, бұл тәуекелдер одан әрі ушығып барады», - деді ол.
зейнет жасы депутаттық сауа мәжіліс

Хабарламаларға жазылу