Ерлан Тұрғымбаев егіз-көліктер алаяқтың схемасы туралы айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Тұрғымбаев егіз-көліктер алаяқтың схемасы туралы айтты

27.01.2021
Ерлан Тұрғымбаев егіз-көліктер алаяқтың схемасы туралы айтты

Мәжіліс депутаттары бүгін төменгі палатаның жалпы отырысында елге заңсыз кіргізілген көліктердің, яғни «егіз-көліктер» мәселесін көтеріп, Ішкі істер министрінен мұндай алаяқтың схеманың жолын кесу үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын сұрады. 

«Расында, қазір егіз-көліктер мәселесі өзекті. Мұндай алаяқтықпен ұрланған, сатылған көліктер ТМД-ның барлық елдерінде қолданылады. Біз, оның жолын кесуіміз керек», - деді Ерлан Тұрғымбаев депутаттар сауалына жауап бере отырып. 

Министр қазір Қазақстанда мемлекеттік органдардағы деректер базасы біріктірілгенін және республика аумағына кіретін автокөліктердің барлығы құқық қорғау органдарының қатаң бақылауында екенін айта кетті.

«Тек кеден органдары көлікті тіркейді. Егер ол ұрланған болса, VIN-коды ұрланған көліктердің мәліметтер базасында көрсетілген болса, біз оны бірден анықтаймыз. Әрі қарай көлікті қолдануға тыйым салынып, оның ел аумағына қалай кіргізілгені зерттеледі», - деп түсіндірді Ерлан Тұрғымбаев.

Айтуынша, жалған VIN-кодтары бар ұрланған көліктер Қазақстанда да тіркелген жағдайлар кездеседі.

«Біріншіден, оның шанақтағы нөмірінің шынайылығын немесе қолдан соғылғанын білу үшін сараптама жүргіземіз. Егер нөмір соғылған болса, онда біз бұл автокөлікті ұрланған елге қайтарамыз», - деді министр.

Хабарламаларға жазылу