Түркістан облысында коронавирусқа қарсы вакцинаны инфекциялық госпиталдің қызметкерлері алғашқы болып салдырмақ. Бірақ ең алдымен өңірдің бас-санитар дәрігері мен қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы екпені бірінші болып жасатпақ. Аймақта індетті жұқтырғандардың саны күн санап артып келеді. Осы айда 327 адамнан қауіпті індеттің белгілері анықталған. Әсіресе Созақ пен Сайрам және Мақтаарал аудандарында аурудың таралуы жиілеп тұр.
Марат Пашимов, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Ең бірінші медицина қызметкерлерінен бастаймыз. Олар инфекциялық госпитальда жұмыс істейтін қызметкерлер. Кейін жедел жәрдеммен жүретін қызметкерлер.
Ал Атырау облысында вакцина салу үшін бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 22 емдеу мекемесінде орын дайындалды. Оның ішінде 15 мемлекеттік ұйым бар. Емханалар вакцина салуды тұрғындардың санына қарай ерікті түрде бастайды.
Айнұр Ақбаева