Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады. Техникалық себептерге байланысты ұшақтардың ұшып-қону уақыты шегерілген. Кеше кешкілік ұшып-қону жолағының навигациялық жүйесін әуеден шолуды орындаған «Air Control» авиакомпаниясының ұшағы шассисіз жерге қонған. Жапа шеккендер жоқ. Экипаж құрамында үш адам болған. Ұшақ өртенбеген.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ