Атырау облысында коронавирусқа шалдыққан 367 тұрғын үйде емделіп жатыр. Олардың көбінде ауру симптомсыз түрде өтуде. Бүгінде өңірдегі инфекциялық стационарда 85 науқас, ал аудандардағы ауруханаларда 36 адам оқшауланған. Өткен тәулікте тағы 84 адам қауіпті кеселдің құрығына ілікті.
Жандос Темірғали